2018 жыл – бақытты балалық шақты қорғау жылы

ҚР Ішкі істер министрлігі 2018 жылды «Бақытты балалық шақты қорғау» жылы деп жариялады. Бұл жайында аталған министрліктің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. бабалык«Біз жаңа 2018 жылды «Бақытты балалық шақты қорғау» жылы деп жарияладық. Мұндай шешім қоғамда балаларға қарсы құқықтыққа қайшы әрекеттердің орын алуына жол бермеу үшін қабылданып отыр», – дейді ол.
Оның атап өтуінше, Ішкі істер министрлігі балалардың құқығын, олардың заңды мүдделерін қорғауға, жасөспірімдер арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын алуға жіті назар аударады.
«Өтіп бара жатқан жылда оң нәтижелерге де қол жеткізілді. Елімізде балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының саны азайды. Өткен жылмен салыстырғанда қаза табатындар саны 18 пайызға кеміді. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың төмендеуі де тұрақты сипатқа ие. Олардың саны екі есеге кеміді», – деді Алмас Садубаев.  
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓