Алимент төлемеген Лисаков тұрғыны тұтқындалды

Лисаков қалалық соты алимент төлемеген ер адамға қатысты істі қарады. 171  мың 360 теңге қарызы бар заң бұзушы 1 тәулікке қамалды.20160513151010«Атқару парағына сәйкес азамат К. Р-ның пайдасына ай сайын балаларды асырауға еңбекақысының ¼ бөлігін төлеуі тиіс», – делінген хабарламада.
Сот отырысында заң бұзушы өз айыбын толықтай мойындады. Алимент төлемеу себебін ол еш жерде жұмыс істемейтіндігімен, кірісі жоқтығымен түсіндірді.
Сот оны ӘҚтК 669-бабына сәйкес айыпты деп таныды. Ол бір тәулік тұтқындау әкімшілік жазасына тартылды.
 
Қазақпарат

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓