Өңір өзгеріске толы
Қарабалық ауданының әкімі Арман Әлиев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында өңірдің тыныс-тіршілігі туралы жан-жақты мағлұмат берді. Ол ауданда мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы және әлеуметтік-экономикалық даму туралы кеңінен әңгімелеп берді.
Аудан әкімі өз сөзінде үстіміздегі жылдың 10 айындағы қорытынды бойынша өңірде өндіріс көлемі 20 млрд 530 млн теңгеге жеткенін хабарлады. Бұл өткен жылдың деңгейінен өсім 14,8 % артық. Ауыл шаруашылығы көлемінің меншікті салмағы 87,9%, өнеркәсіп өнімдері 12,1% тең.
Ауданның экономикалық дамуының екінші бағыты – өнеркәсіптік өндіріс. Өнеркәсіптік өндірістің көлемі 2 млрд 492 млн теңгеге жеткен, бұл 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда 65,1%-ке көп. Физикалық көлем индексі – 126,8%. (облыс аудандары арасында 4-орын).
Ауданның экономикалық дамуына әсер ететін көрсеткіштердің бірі – негізгі капиталға инвестиция салу. Бұл бағытта да оң динамика байқалды. Мәселен, 2017 жылдың 10 айында негізгі капиталға шаққанда тартылған инвестиция көлемі 2 млрд 339 млн теңге шамасында. Былтырғы есептік кезеңмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 10,2%-ке көп.
Бақ өкілдерімен болған мәслихатқа кәсіпкер Владимир Кригер де қатысып, өзінің шағын және орта бизнесті дамытуға қосып жатқан үлесі туралы мәлім етті.
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат ТӨЛЕБАЙ.