Қостанай облысы қылмыстық құқық бұзушылық көрсеткіші бойынша 9 орында

 ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасында  аймақтағы үсіміздегі жарты жылдықтағы жалпы қылмыстың, оның кейбір түрлерінің жағдайы, әкімшілік тәжірибе, жеке және  заңды тұлғалардың өтініш білдіру есебі,   қызмет көрсету орталық арқылы азаматтарға ұсынылған мемлекеттік қызметтер,  тіркеу және тексеру есебі саласындағы  заңнамалықтың сақталуы туралы басқарма бастығы  Е. Пархоменко,  басқарма бастығының орынбасары  Е. Төлебаев, арнайы есепке алу бөлімінің бастығы Г. Алкебаева  баспасөз мәслихатын өткізіп, жоғарыда айтылған мәселелерге жан-жақты тоқталып, журналистер тарапынан қойылған  сұрақтарға жауап берді.IMG_4919
   Жарты жылдықтың  нәтижесіне келер болсақ, басқарма бастығы  Е.Пархоменконың айтуы бойынша,  2015 жылғы 6 айдың ішінде криминогендік  жағдай  жоғарлап отыр, тіркелген қылмыс көрсеткіші өткен жылға қарағанда 26,5% өсті. Ал,  тіркелген  ауыр қылмыс көрсеткіші 2014 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 15,8%  жоғары. Сол секілді  өте ауыр қылмыс та 7,4-ке өсті. Осы қылмыстардың  өсуі жалпы алғанда 2015 жылғы  1 қаңтарында жаңа Заңдардың, атап айтқанда, Қылмыс және Қылмыстық-процессуальдық, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстердің және Қылмыстық-құқық бұзушылықты қабылдау,  тіркеу,   өтініш  пен  хабарламаларды   есепке алудың жаңа Ережесінің, бірыңғай сотқа дейінгі зерттеу реестрінің  қолданысқа енгізілуі себепші болып отыр.IMG_4927
            Статистикалық  мәліметтерге сүйенсек, Қостанай облысы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық көрсеткіші  бойынша  республикада бойынша бірқатар облыстардан кейін 9 орында тұр. Ал, қылмыстылық деңгейі бойынша 10000 халыққа есептегенде республикалық мәндегі қалалардан кейін 3 орында.
 Сол секілді  көліктерді ұрлау көрсеткіші  50,2% өсті, мамандардың айтуынша, әлі де болса тұрғындарымыз өздерінің мүліктеріне бей-жай қарайды. Ал,  тонау  көрсеткіші 21,1% кеміді,  алайда қарақшылық жасау көрсеткіші 128,6% өскенін байқауға болады.
            Қазіргі таңда құқық қорғау органдарымен қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу 100%-ға жетіп отырғанын атап өтуге болады. Дәл осындай динамика әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалар саны бойынша да байқалып отыр. Әкімшілік есепке қойылған құқық бұзушылықтардың жалпы мөлшері 2014 жылдың 6 айымен салыстырғанда 16,1%-ға артты.IMG_4932
            Сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды өндіру де артып отыр. 2014 жылы 54,8% болса, биылғы жылы 60,6 %-ға жетті. Немесе басқаша айтатын болсақ, мемлекеттік бюджет төленген әкімшілік айыппұлдар салдарынан 586 млн. 650 мың теңгеге толықтырылды.
            Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде кіші және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторийдің алынып тасталуына байланысты тіркелген тексерістер саны өткен жылмен салыстырғанда 280 тексеріске немесе 6,7%-ға артты. Оның ішінде бизнес субъектілері 13 %-ға артты.
            Бұған қарамастан жоспарлы тексерістердің саны 11,7%-ға төмендеп отыр.
            Сонымен қатар бізбен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында олардың іс – әрекеттеріне мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының заңсыз араласуын болдырмау үшін бірқатар іс- шаралар жүргізілді.
            2015 жылдың 6 айы ішінде тексеріс тағайындау туралы актілерді тіркеуден бас тарту арқылы 19 негізсіз тағайындалған тексерістер тіркелген жоқ. Соның ішінде жеке кәсіпорын субъектілеріне қатысты 8 негізсіз тексерістер анықталып, тексерісті тіркеуден бас тартылды.
            Сондай-ақ, бізбен жүргізілген қадағалау және бақылау жұмыстары кезінде 4 заңсыз тексерістер анықталды. Бұдан басқа, Қостанай облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде тексеріс субъектілері мен объектілерінің бірыңғай реестры  (ТСОБР) жүйесінің пилоттық жобасын жүзеге асыру аяқталды.
            Нәтижесінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарының реестры тексерістің 6455 субъектілері және 7981 объектілеріне қатысты мәліметтерімен толықтырылды. Олар өз кезегінде 8040 тексеріс парақтары нәтижелерімен тексерістер Картасында орналастырылды.
             Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына келер болсақ, 2015 жылдың 6 айы ішінде басқармамен «Тұлғамен жасалған қылмыс туралы Комитет есептері бойынша соттылығы бар не жоқтығы туралы мәліметтер беру» мемлекеттік қызмет көрсету туралы азаматтардың 27 282 арыздары орындалды.
 
Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓