Қазақстан кәрістерінің фотокөрмесі өтті

Қостанай облыстық «Достық үйінде» «Қазақстан кәрістері» атты фотокөрме ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Бұл шара корейлердің Қазақстанда тұрып жатқандарына 80 жыл толуына, сондай-ақ, Корея мен Қазақстанның арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылғанына 25 жыл толуына орайластырылды. Фотокөрмеде негізінен Корей Республикасы Президенті фотосуретшісі Ким Джин Соктың туындылары қойылған.f0d7466d183c884579512f5b789f272f
«Ким Джин Сок Қазақстанға алғаш келгенде фотолар сериясын жасауды ұйғарған. Суреттерде автор 1937-ші жылы кеңес саясатының мәжбүрлеп жер аударған кезде Қазақстанға қоныстанған кәріс ұлтының ұрпақтарының қазіргі күнделікті өмірін көрсеткен. Қазақстанда 100 мыңға жуық этникалық кәріс тұрады. Бұл көрсеткіш Қазақстанда өмір сүріп жатқан 130 ұлт өкілдерінің 0,6 пайызын құрайды. Қоныс аударған кәрістер әуелі шағын ғана Үштөбе ауылына көшірілген», – деп мәлімдеді Қазақстандағы корей мәдени орталығының директоры Ли Хэ-Ран.20171223003630
Ким Джин Сок біздің елден бөлек, Испания, Франция, Жапония, Африка, Гималай және басқа мемлекеттерге барып, сурет сериясын жинап отырған. 10 жылдан астам уақыт фототілші болып жұмыс істеген, сонымен қатар корей университеттерінде фотоөнер бойынша дәріс берген. Қазіргі таңда Ким Джин Сок Корей Республикасы Президентінің әкімшілігінде фотосуретші болып қызмет етеді. 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓