Шекарадан паспортпен де шыға алмайсыз

Өткен аптада ҚР Үкіметі Қаулыға қол қойды, оған сәйкес ҚР азаматтарының Қазақстаннан тыс жерлерге келуі мен кетуі тек паспорттар бойынша жүзеге асырылады делінген еді. Алайда, 15 наурызда ел Президентінің Жарлығымен Төтенше жағдай режимі енгізілді. IMG-20200316-WA0021Бұл мемлекеттік шекара арқылы шығу және кіру шектелгенін білдіреді.
ҚР азаматтары емделуге барса, тек оны растайтын құжаттарды ұсынған кезде, оның ішінде қабылдаушы тараптың медициналық мекемелерінен арнайы шақыртуды көрсеткен кезде шыға алады. Елде тұруға құқысы бар шетел азаматтары ҚР аумағына кіргізіледі. Сондай-ақ, Қазақстан азаматтарының отбасы мүшелері болып саналатын шетелдіктерге рұқсат бар.
Қостанай облысы ПД көші-қон қызметінің бастығы полковник Қайрат Дүтпаевтың айтуынша, ТЖ режимі алынғанға дейін ХҚКО-да кезек құрып және паспортты алу қажеттілігі жоқ, өйткені жеке мәселелер, туристік турлар, вахталық әдіспен жұмыс істеу және т.б. бойынша барлық сапарлар шектелген. 
"Барлықтарыңызды осы қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз. Бұл жағдайдан шығу үшін бәріміз ақылмен жұмыс істеуіміз керек", – деп атап өтті Қайрат Дүтпаев.
Қазіргі уақытта паспорт болған жағдайда да облыс тұрғындары одан тыс жерлерге шыға алмайды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓