Н.Назарбаев: “Жаһандық дағдарыс жалпылама тарайтын сипатқа ие болып отыр”

Жаһандық дағдарыс жалпылама тарайтын сипатқа ие болып отыр. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында осылай мәлімдеді.
Жолдау
«Біз аз нәрсеге қол жеткізген жоқпыз. Әлем шапшаң қарқынмен құбылып жатыр. Өздеріңіз байқағандай, жаңа дәуірге қадам басып бара жатырмыз. Көз алдымызда бұған дейін болмаған, басқалай мүмкіндіктерді ұсынатын жаңа шынайы жағдай орнауда. Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикасына бұған дейін болмаған бірқатар сыртқы факторлар әсер етуде. Жаһандық дағдарыстардың орын алуы бізге байланысты емес. Ондай жаһандық құбылыстан ешкім де сақтана алмайды. Еркін экономиканың даму жүйесі де осыған саяды», – деді Н. Назарбаев.
Бұдан бөлек, Елбасы бүгінгі күні дамудың қауіптерін нақты байқау аса маңызды екенін атап өтті. «Бүгінгі жаһандық дағдарыс жалпылама тарайтын сипатқа ие. Бүкіл әлемдік нарықтың барлығы да тұрақсыздық сипатында тұр деуге болады: қаржылық, көмірсутектік, азық-түліктік және басқалары да тұрақсыз. Бұл – біздің экспорттық тауарларымызға бағаның төмендеуіне әкеп соқтырған басты себеп», – деді Н. Назарбаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓