Министр болжамы

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында күздегі эпидахуалдың үш сценарийдегі ықтимал болжамын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Министрлік қараша айына дейінгі эпидемиологиялық болжамды жаңартты. Пессимистік сценарий бойынша, қыркүйек айында індет жұқтырушылар саны 6 300-ге, қазан айында 2400-ге жетуі ықтимал. Шынайы сценарий бойынша, қыркүйекте 5 400-ге, қазанда 1 800 адамға жетуі мүмкін. Оптимистік сценарийге сүйенсек,  қыркүйекте 4 200, қазанда 1 300 адам індетке шалдығады деген болжам бар», – деді министр.
Сондай-ақ, Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға өңірлерде Ashyq жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күнгі шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырды.
«Вакцинаның бірінші компонентін алғандардың саны ел бойынша 6,5 млн адамға жуық, ал екінші компонентін 5 млн-нан астам адам салдырды. Вакцина салдыру науқанын одан әрі күшейту қажет. Ведомствоаралық комиссияға эпидемиологиялық жағдай тұрақталып жатқан өңірлердегі Ashyq жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күнгі шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырамын», – деген Премьер-министр бұл жұмыстағы жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа тапсырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓