Аукционда – Абердин-Ангус
Қарабалық ауданында 300 бас асыл тұқымды ірі қара аукционға шығарылмақ. Алғашқы халықаралық аукционды жергілікті «Север-Агро Н» ЖШС репродутор-шаруашылығы ұйымдастырғалы отыр. Аталмыш іс-шараға республиканың кез келген облысындағы азаматтар қатыса алады.
Аукцион 3-шілде күні Бөрлі ауылында өтеді. Онда Абердин-ангус тұқымды 130 бұқа және 180 бас асыл тұқымды қашар сатылады. Ұсынылып отырған ірі қара Австралиядан арнайы алынып, қазақ даласына бейімделген.
-«Север-Агро Н» ЖШС 2011 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Шаруашылық серіктестігі «Абердин-Ангус» тұқымының етті малдарын «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша лизингке сатып алған болатын. Мұхит асып жеткен асыл тұқымды ірі қара бүгінде қазақ даласына бейімделіп қалды,-деді Қарабалық ауданы әкімінің ауылшаруашылығы жөніндегі орынбасары Әділбек Сарин.
Қымбат ДОСЖАНОВА