Жыл айрығындағы жаңа есімдер
Жыл айрығында Қостанай облысының үздік жастары анықталды. Жыл бойы әр салада белсенді еңбек етіп, көзге түсіп, жетістікке жеткен жастардың есімдері «Алтын кітапқа» жазылды. Лауреаттарды марапаттауға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов арнайы қатысқан болатын.
«Алтын кітап» жобасы 2005 жылдан бастап жүзеге асып келе жатыр. Мақсаты әр салада жетістікке жетіп жүрген облыс жастарының қоғамдағы белсенділігін ескеріп, қолдау. Өткен 12 жылдың ішінде «Алтын кітапқа» 184 лауреаттың есімі жазылыпты. Олардың арасында Қостанай облысында ғана емес, республикаға танылып, ел намысын халықаралық аренада қорғап жүргендер бар. «Алтын кітап» лауреаттарын марапаттау кешінде қайырымдылық балы ұйымдастырылды. Жиналған қаржы «Жизнь на ладони» жобасы бойынша көмекке мұқтаж балалардың еміне жұмсалады. Қайырымдылық шарасына облыс әкімі де үлес қосты.
-Облыс жастарының «Алтын кітабына» есімдері енген лауреаттар жаңа белестерді бағындырып, Қостанай облысының және еліміздің атын шығарып жүр. Олардың арасынан белгілі боксшы Иван Дычко, конькиші, келер жылы Кореяда өтетін олимпиадаға жолдама алған жерлесіміз Денис Кузинді, «Хабар» телеарнасының тілшісі Жансая Қожахметованы, әлемдік аренада еліміздің намысын қорғап жүрген Мәлика Мұхтарованы ерекше айта аламыз,-деді облыс басшысы Архимед Мұхамбетов. «Алтын кітаптың» «Білім және ғылым саласындағы жетістіктері үшін» аталымында Әміржан Жұмабеков марапатталды. Әміржан Зақарияұлы Қостанай қаласындағы №3 мектеп гимназиясының дарынды балалармен жұмыс жөніндегі директордың орынбасары. Қостанай облысы жас ұстаздар кеңесінің төрағасы. Қазақстан Республикасының «»Үздік педагогы» жүлдесінің иегері. «Өнер және мәдениет саласындағы жетістігі» үшін Төленді Әлқожин марапатталды. І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының жас актері бүгінгі күнге дейін 20-дан астам рольді сомдаған. Актерлік шеберлігімен көзге түсіп жүрген Төленді Олжабайұлы болашағынан зор үміт күттіреді. «Спорт саласында жеткен жетістіктері үшін» аталымында Қымбат Нүсерова жеңіске жетті. Ол №2 балалар спорт мектебінің тоғыз құмалақ ойыны бойынша жаттықтырушысы. ҚР спорт шебері, ұлттық төреші. Астана қаласында өткен Әлем чемпионатының алтын жүлдегері. «Денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері үшін» Эльвира Асадованың есімі аталды. Ол облыстық балалар емханасында табысты еңбек етіп жүр. «Жас ғалым» аталымында Қадыржан Мақанғали жеңімпаз атанды. Қадыржан Қонысбайұлы ет өндірісі саласында зерттеу жүргізумен айналысады. Оның ұсынған ұлттық ет өнімі Германияда өткен дүниежүзілік көрмеде алтын медальға ие болған. Қазіргі таңда Қамысты ауданында Қадіржаннің тәжірибесі бойынша цех ашылуда. «Кәсіпкерлік саласындағы мол табысы үшін» Мирас Адамбаев марапатталды. Мирас балаларға арналған футбол мектебін ашып, әртүрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда. «Жас көшбасшы» аталымында Марғұлан Бәкір марапатталды. Ол «Жайдарлы жастар» ҚҚ директоры. Облыста қазақ тіліндегі КВН ойындарының ұйымдастырушысы ретінде танымал. «Журналистика саласындағы жетістігі үшін» «Костанайские новости газетінің тілшісі Дилара Аронова марапатталды. «Мемлекеттік тіл саясаты саласындағы жетісгі үшін» Дмитрий Ромащенко, «Қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға қосқан үлесі үшін» Александр Колесниченко марапатталды. Жеңімпаз лауреаттардың әр қайсысына дипломдар мен 50 мың теңгеден сыйлық берілді. Жеңіс тұғырына жетуге жақын қалған кейбір белсенді қатысушылар облыс әкімінің Алғыс хатын алды.

Лауреаттардың бірі, І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының актері Төленді Әлқожин салтанатты шарадан алған әсерімен бөліскен еді. -Көңіл-күйім керемет. Мен үшін бұл күн ерекше есте қалары анық. Өйткені, Қостанайдың өнерлі, белсенді жастарының есімдері аталып, «Алтын кітапқа» жазылып жатыр. Мен де сол үздіктердің қатарынан табылғаныма қуаныштымын. Облысымыздың өнерлі жастарының өсіп, өркендеуіне қолдау білдіріп жатқан облыс басшыларына алғысым шексіз, – деді Төленді Әлқожин.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.