102-нің қозғалыс кестесі өзгерді

Кешегі күннен, яғни 21 ақпаннан бастап №106 маршрут уақытша тоқтап, №102 автобустың қозғалыс бағыттары өзгерді. Затоболдың ішінде 106-ның орнына 20 орындық маршрут шықты. Ол жолаушыларды №102 автобустың жолына дейін тегін апарып тастайды.102
Мұндай өзгерістердің себебі – жолдың ұзақтығы мен рейстің аздығы. Тобыл үстімен өтетін үлкен көпір жабылғалы қозғалыс интервалын өзгертпеу мақсатында маршрутшылар жұмысқа әдеттегіден  ертерек кірісетін болған. Бұған қоса, бұрындары 15 кейде 13 автобус болса, қазір олардың саны 18-ге жеткен. Жүргізушілердің наразылығын бұл да тудырып отыр. Осының бәрі ескеріле келе, қозғалыс бағыттарын өзгерту туралы шешім қабылданды.
Дегенмен, өзгеріс тек Қостанай қаласының ішінде ғана. Кешегі күннен бастап автобустар қозғалысты таңғы 6:30-да көшесіндегі "Гиппократ"аялдамасынан бастайды да, Майлин көшесіне дейін төмен түседі. Сол тұстан Таран көшесіне бұрылып, сол бойымен Алтынсарин көшесіне дейін жүреді, одан Абай даңғылына, қайтадан Таран көшесіне, сосын келіп Қайырбеков көшесіне бұрады. Мұнан кейін "корей" көпіріне түсіп, ары қарай бұрынғы бағыты бойынша жүреді.
Көп аялдамалар кестеден алынып тасталды. Мысалы, "Жоғары көтерме саудалар" (орталық базар маңы) аялдамасына тоқтамайды. Бородин көшесімен жүрмейтін болды. "Қазақтелекомнан" да күтпеңіз. Есесіне, сол маңдағы "Спорт залы" аялдамасы арқылы өтеді.  "Ұмыт қалған" аялдамалар тізімі №102 маршруттардың салонына да ілінулі. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓