Тұмар тәрізді монета

Бүгін ҚР Ұлттық банкі номиналы 100 теңгелік "Сиқырлы нышандар" сериясындағы "Тұмар" коллекциялық монетасын айналымға шығарды.тумар
Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "100 ТЕҢГЕ" деген жазу, монета дайындалған металды  және массасын білдіретін "Ag 925 31,1 g" деген жазу, соғылған жылын білдіретін "2017" деген сан орналасқан. Жазулар мен сан ұлттық ою-өрнекпен, моншақталған тізбекпен және мемлекеттік тілдегі "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" және ағылшын тіліндегі "NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген жазбамен көмкерілген. Сол жақ бөлігінде Қазақстан теңге сарайының сауда белгісі, оң жағында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген.
Монеталардың сол және оң бөліктерінде ою-өрнек элементтері бейнеленген. Бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерлі, айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.
Монета 925 сынамды күмістен дайындалған, массасы 31,1 грамм, сипатталған шеңбер диаметрі – 40 мм., дайындау сапасы "Antic silver", ең көп таралымы – 6 мың дана, қыры (гурты) бедерсіз және жазусыз.монета
Номиналдық құны 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, www.nationalbank.kz ҚРҰБ сайтында монеталардың интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.
 
Sputnik

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓