Облыста тау-энергетикалық кластер құрылуы мүмкін

 6ce8174e82984e94a7a98889b7c17e32Облыс әкімі Нұралы Садуақасов пен біздің өңірде іссапарда жүрген ҚР Парламент Сенатының депутаттары Х.Уәлиев, Ж.Нұрғалиевтер темір бокситін қайта өңдеуге арналған “Байер-гидрогрантты технология” бағдарламасының тұсаукесеріне қатысты.

Мұны “Парасат” ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің” белсенді қолдауына ие болған “Металлургия және байыту, жер туралы ғылыми орталық” АҚ ұйымдастырды.

Біздің өңір жер асты қазба байлықтарына кенде емес.Мәселен,Көкталдағы боксит кеніші еліміздегі алюминий шикізатының қорын үстемелей түсер еді. Сондай-ақ, нефелин сиениттеріне толы ірі Құбасадыр кеніші мен кез келген Екібастұз көмірін алмастыра алатын Құсмұрын қоңыр көмірі Қостанай облысында тау-энергетикалық кластерін құруға жол ашады.

Аталған минералдық ресурстар теміржол бойынан онша қашық емес. Бұл дегеніңіз, кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттыра түсері даусыз. Көкталдағы боксит кеніші базасының жанынан саз балшық шығаратын өндіріс ошағын салу кластер құруға жасалған алғашқы қадам болар еді.

Көктал бокситтерін өңдеудің инвестициялық технологиясы жоғары технологиялық және экономикалық көрсеткіштерге ие. Сондықтан, мұндай табысты өндіріс орындары астықты аймақтың абыройын асырмаса кемітпесі анық.

Әлібек

ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓