Анықтама алу оңай
«Баланың өмірге келгені және некенің тіркелгені туралы анықтамалар АХАТ ұсынатын электрондық қызметтер ішінде ең көп сұранысқа ие», – дейді облыстық әділет департаменті азаматтық хал актілерді тіркеу және апостилдеу бөлімінің басшысы Г.Мусина.
Бұл анықтамаларды “электрондық үкімет” порталында тіркелген және электрондық цифрлық қолтаңбасы бар Қазақстан Республикасының азаматтары ала алады.
Тағы бір айта кетерлігі, анықтаманы онлайн түрінде некеге 2008 жылғы маусымның 1-інен бастап тұрған азаматтар ғана иеленуге мүмкіндігі бар. Ал, дүниеге келгендігі туралы анықтама 2007 жылғы тамыздың 13-інен кейін туған балаларға беріледі.
Бүгінгі күні “электрондық үкімет” порталында АХАТ ұсынатын қызметтердің 13-і электрондық түрде қолжетімді. Баланың туылғаны туралы куәліктен өзге, некенің тіркелгені және бұзылғаны туралы, өзінің аты мен тегін, әкесінің атын өзгерткені туралы анықтамаларды интернет арқылы ала алады. Сондай-ақ, баланың туылғаны туралы куәлікті қайтадан алуға, бала асырап алуға өтініш беруге болады.
Жыл басынан бері “egov.kz” порталы арқылы баланың туылғаны және некеге тұрғаны туралы 759 анықтама берілген.
Шұға
ҚОҢҚАБАЙ