Қостанайда жұмыс берушілер күні өтті

Еліміз бойынша 700-ден астам колледж алғаш рет жұмыс берушілер күнін атап өтіп жатыр. Бұл үрдіс біздің өңірді де айналып өтпеді. Шараның бастамасы Қостанай автомобиль көлігі колледжінен басталды. Іс-шараға ірі компаниялардың, шағын және орта бизнестің өкілдері қатысты. Бұл күні өңірдің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестік туралы меморандумдарға қол қойды.
«Бүгінде ТжКБ ұйымы дуалды оқытуды енгізді және жұмыс берушілер де мамандарды даярлауға белсенді атсалысып келеді. Екіжақты ынтымақтастықтың арқасында студенттер теорияны практикамен ұштастырып, таңдаған мамандығын жұмыс орнында тікелей үйренеді. Яғни кәсіпорындар өз қызметкерлерін оқытуға және үздік студенттерді жұмысқа алуға мүмкіндік алып отыр. Ал студенттер бірте-бірте мамандыққа түсіп, еңбекке қажетті машықтарды меңгереді», – дейді ұйымдастырушылар.
Қонақтар студенттерге кадрларды даярлаудың негізгі талаптары, оның кәсіби міндеттерін табысты орындауы үшін қажетті жұмыскерлердің еңбек функциялары, білімі, іскерліктері, кәсіпорындардың табысты жұмыс тәжірибесі, кәсіпорындардың жетістіктері мен даму перспективалары, колледжбен ынтымақтастық, түлектерді жұмысқа орналастыру және оқыту кезінде жоғары уәждеменің қажеттілігі туралы айтып берді.
Сонымен қатар, колледж студенттеріне «автомобиль жолдары мен әуеайлақтарды салу және пайдалану» мамандықтары үшін «ХХІ ғасыр жолдары» конференциясы, «құрылыстағы Геодезиялық жұмыстар» тақырыбында семинар және аймақтың жетекші геодезистерін шақыра отырып, «Геодезия және картография» мамандығы үшін «Кеше, бүгін, ертең» атты көрмесі өткізілді
Облыстық білім басқармасының басшысы З.Байменова «Allur» автозауытының директоры С.Семейбаевты, «АгромашхолдингKZ» Президенті Д.Шүкіжанованы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен, сондай-ақ, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы С.Семейбаевты («Үздік қамқоршылық кеңес-2022» өңірлік конкурсында 1 орын алғаны үшін), «Allur» автозауыт директорының кеңесшісі С.Могилатовты және «Қостанай Автодом» бас жаттықтырушысы О.Левченконы білім басқармасының грамоталарымен марапаттады.
Сондай-ақ жұмыс берушілер күні аясында облыс кәсіпорындары студенттерге дөңгелек үстелдер, семинарлар, экскурсиялар өткізіп, бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастырылды. Ауқымды шара жоғары деңгейде өтті. Педагогтар мен студенттер және әлеуметтік серіктестер тарапынан да қызығушылық танытты.
Жұмыс берушілер кадрларды даярлауда педагогтардың кәсібилігін, колледждің дамыған материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Айта кету керек, биылғы оқу жылында нысаналы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында кәсіпорындардың сұранысы бойынша 10 мыңнан астам адам колледждерге қабылданған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓