Шахмат турнирінің жеңімпаздары анықталды

Уфимцев атындағы шахмат клубында Тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған жылдам шахматтан турнир аяқталды. Дәстүрлі турнир Қостанай облысы әкімінің кубогы үшін өтті. Облыстың барлық аудан-қаласынан 40-қа таяу спортшы келді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, қатысушылардың жасына шектеу қойылмады. Мәселен, Әділхан Әділбековтің жасы – алтыда. Ол аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің қолынан естелік кубок пен ақшалай сыйлық алды.IMG_3451IMG_3277
Жарыс нәтижесіне келсек, жылдам шахматтан өткен Қостанай облысы әкімінің кубогы Данияр Медібаевқа бұйырды. 10,5 ұпай еншілеген шахматшыға 200 мың теңге берілді. Екінші орында – Петр Костенко. Костенко үстіміздегі жылы Азия чемпионатында «қола» медаль иеленген еді. Ал үздік үштікті Руслан Салимов қорытындылады. Ол Шыңғысхан Саржановтан басым түсті. Соңғысы классикалық шахматтан облыс чемпионы атанған-ды.IMG_3346
«Осымен 26-рет өткізілген турнир Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келді. Әрине, қостанайлық шахматшылардың биылғы жетістіктері қуантады. Екінші жағынан, шахмат жарысына қатысушыларды әлі де көптеп тарту керек. Мен де жас кезімде шахматпен тұрақты түрде айналыстым. Бұл спорттың пайдасы зор. Өмірде көп жағдайда көмектеседі», – деді облыс әкімі марапаттау салтанатында.
Айта кету керек, бұған дейін Архимед Мұхамбетов Қостанайдағы дарынды балаларға арналған «Озат» мектебінің оқушысы Даяна Әбіловамен, сондай-ақ, №24 «а» мектебінің 3 сынып оқушысы Хантемір Әбішевпен блиц-ойын өткізген болатын.IMG_3388

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓