Қарақұмық өңдеу цехы ашылды
ҚР Тәуелсіздігі күні облыста тағы бір өндірсі орны ашылды.
Бұл жобаны «Мибеко» ЖШС қолға алды. Цех тәулігіне қуаттылығы 55 тонна қарақұмықты өңдеуге қауқарлы. Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары толықтай аяқталды. Құрал-жабдықтар Голландия, Ресей, Түркия және Қытайдан әкелінген.
Сондай-ақ, «Мибеко» кәсіпорны ұн және жарма өнімдерін шығарумен де айналысады.

Сондай-ақ, «Мибеко» кәсіпорны ұн және жарма өнімдерін шығарумен де айналысады.



Архимед Мұхамбетов айтқандай, аталған жоба «Сбербанк» арқылы жүзеге асты. Банк ұсынған 15% үстеме соманың 10%-ын мемлекет субсидиялайды.Сол себепті, «Мибеко» ЖШС несиені небәрі 5%-бен ғана төлейді.
