Моңғолияның үш миллионыншы адамы ол қазақ қызы Айжұлдыз Бекболатқызы

2 миллионшы балаҮстіміздегі жылдың қаңтар айының аяғында Моңғолия халқының саны 3 миллионға жетті. Жетсе несі бар дейсіз ғой. Айтпағымыз, сол елдің азаматтарының санын үш миллионға толтырған – өзіміздің қандастар екен. Бұл хабарды 30 қаңтарда Баян-Өлгей аймағы әкімдігінің баспасөз-хатшысы Нұрболат Өнерханұлы фейсбук әлеуметтік желісінде таратты. Онда "Кеше аймақ басшылары Моңғолияның 3 миллионыншы азаматшасы Бекболатқызы Айжұлдыз бен оның тетелестері Дашнямын Азбаяр, Бақытқызы Бөрте-Бегімдердің ата-аналарын құттықтап, кепіл хат, арнайы сыйлықтар табыс етті" делінген.
Енді бір қызығы, осыдан 27 жыл бұрын моңғол жұртының саны 2 миллионға жеткенде, оны да толтырған қазақ отбасы екен. "Алтынмен аптаса да еліне оралған қазақтың баласы" деген мақаланы inform.kz сол 1988 жылғы қуанышты жаңалыққа арнап жазыпты. "Моңғол елінің Бағанур қаласында бүкіл моңғол халқы үшін есте қаларлық ерекше оқиға болды – жан саны аз саналатын дархан халықтың екі миллионыншы нәрестесі өмірге келді. Сахара халқы, қазақы теңеумен  айтсақ, бөркін аспанға атып қуанды. Бір қызығы бұл сәби қазақ отбасында –  Қибекейұлы Оралбек есімді ағамыздың шаңырағында дүниеге келді" депті мақалада.
Моңғол елінің дәрігерлері бұл қуанышты уақыт бұрын болжап, Оралбек Қибекейұлы мен оның жұбайы Гүлсара 3 миллионшы балаҚуанбай-қызын ескертіп қойған. Бала дәл болжанған күні туса, ол осы елдің екі миллионыншы нәрестесі һәм азаматы саналатындықтан, оның есімі Саямандах ("миллион жаса") аталуы керектігін де күні бұрын хабарлаған.
Сонымен Гүлсара Қуанбайқызы Моң-ғолдың ең ұлы мерекесі 11 шілде – Тәуелсіздік күні ұл бала дүниеге әкеледі. Елдің бұқаралық ақпарат құралдары шулап, тіпті, баланың атына неке сарайы да ашылады. Ол жер әлі күнге дейін Саямандах деп аталып келе жатқан көрінеді. Оған қоса Оралбек ағаның отбасына жаңа бой көтеріп келе жатқан кеншілер шаһарынан су жаңа үш бөлмелі пәтер сыйға тартылады. Балаға жеке дәрігер тағайындалады. Ол ол ма, анасына және нәрестеге елдің екі миллионыншы азаматы болып туғаны үшін алтыннан медаль тағады. 18 жасқа дейін елдің қай жеріне барам десе де, тегін жүретін құқық беріледі.
1991 жылдан бастап атамекенге қарай ағылған көппен бірге Оралбек Қибекей-ұлының жанұясы да көшті бері бұрыпты.
Қыдырбек
   ҚИЫСХАНҰЛЫ
СУРЕТТЕРДЕ: бүгіндей бір елге қуаныш сыйлаған Айжұлдыз. 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓