Тәуелсіздік тарихының атласы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда ғана жарық көрген «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы «Мирас» мәдениет үйінде Тобыл жұртына кеңінен таныстырылып өтті. Бұл шараға Қостанай қаласы мен аудандардағы колледж студенттері жиналған.
Тарихи публицистика жанрында жазылған Елбасының бұл еңбегі қазақ және орыс тілдерінде басылған. Мұнда еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасы, бұған дейін жүріп өткен жолы баяндалады.IMG_0421Сөз басында Президент: «Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады» деп кітаптың мазмұнын айқындап береді.
Қостанайдағы шараның шымылдығын облыстық мәслихаттың хатшысы Сайлаубек Ещанов ашты. Ол өз өзінде ел тарихындағы маңызды дүниелерге жастардың үнемі қолдау білдіретіндігіне тоқталды.IMG_0414-Құрметті форумға қатысушы жастар! Еліміздің тарихи оқиғаларына сіздердің назар аударғандарыңыз қуантады. Бүгінгі іс-шара сіздерді намысшыл, болашағы зор дарынды азаматтар екендігінін дәлелі. Бұл кітап Тұңғыш Президентіміздің өз қолымен жазылған Тәуелсіздік энциклопедиясы деп атауға толық негіз бар. Сөзсіз қазақстандық дамудың жарқын үлгісі,-деді С.Ещанов.IMG_0432
IMG_0391Жаңа туындыда егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап, оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады. Сондай-ақ, кітапта «қазақстандық даму үлгісінің» табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдарымен қозғаушы күштері сараланған.IMG_0440Кітап еліміздің жаңа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай 4 бөлімнен тұрады. Нақтырақ айтқанда, «Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991-1995 жылдар)», «Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996-1999 жылдар)», «Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы (2000-2010 жылдар)», «Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы (2010-шы жылдар)» бөлімдері оқырман қауымның назарына ұсынылып отыр.
Форумда ҚМПИ-ның реткоры, тарих ғылымның докторы Еркін Әбіл жастарға жөн сілтеп, сөз сөйледі.IMG_0472-Бұл форумға жиналған жастар Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары туралы тек ата-анасынан естіген болар. Иә, ол кездер шынымен сондай қиын кезеңдер еді. Міне, бар-жоғы 26 жылдың ішінде Қазақстан қандай мықты мемлекетке айналды. Соның бәрі, жетістік жолы осы туындыда жазылған. Біздің, тарихшылардың, ұзақ жылдар бойы зерттеп келген мәселесін Нұрсұлтан Әбішұлы бир жинақ кітапқа сыйғызып, дәлелдеп берді. Әрбір қазақстандық оқу керек туынды деп білемін,-деп сөзін түйіндеді ғалым.IMG_0448Шара соңында Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы жастарға табысталды.
 
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТЕБКОВ.

You may also like...

1 Response

  1. Жангельды айтты:

    Кешіріңіз Тобыл жұрты толық емес. Жоғарғы оқу студенттері, белгілі қоғам және ғылыми қайраткерлері қайда?

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓