Жаңа өндіріс іске қосылды
Ел тәуелсіздігінің мерекесі қарсаңында Қостанайдағы «Баян сұлу» кондитер фабрикасы екі жаңа жобаны іске қосты. Ол нуга карамельдерін шығаратын цех. Яғни, «Сникерс», «Марс» сияқты әлемдік брэндке айналған тәттілердің баламасы. Ауқымды жобаны іске қосу үшін фабрика 1,5 млрд теңге инвестиция жұмсаған. Қазір жаңа цехта бар болғаны 27 адам еңбек етеді. Мұның себебі, өндірістік процесс автоматты түрде жұмыс істейді. Қол күшін аса қажет ете бермейді.
-Бүгінде еліміз инвестициялық жобаларға үлкен жәрдем беріп отыр. Соның арқасында міне осындай жаңа цехты ашуға қо жетті. Облыс басшылары даәрдайым қол ұшын созып отырады. Жаңа цех жылына 5.600 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Әзірге Қостанайда шығарылған тәттілер отандық нарықтың сұранысын өтемек. Содан кейін шетелдерге экспортталатын болады,-дейді фабрика директоры Тимур Садықов.Жаңа цехы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов келіп көрді. Ол өндіріс орнымен танысқан соң, кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесті.
-Еліміздің басты мерекесі алдында жаңа цехты пайдалануға беріп отырмыз. Бұл бәріміз үшін үлкен оқиға. Жалпы, «Баян сұлу» фабрикасы тек Қосианай ғана емес, еліміздегі ежетекші кәсіпорындардың бірі. Мұнда биылғы 11 айдың ішінде 27 млрд теңгенің өнімдері шығарылды. Соның 4% –і сырт елдернге экспортталған. Сіздердің шығарып жатқан өнімдерінің сапасы жағынан жоғары, әрі экологиялық таза өнім. Сондықтан, оған шет мемлекеттерден қызығушылық артады ғой деген сенімдемін,-деді облыс басшысы.
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат ТӨЛЕБАЙ.