Кәсіпорын жұмысы жанданбақ
Ұзақ жылдар бойы тұралап қалған Комсомол құс фабрикасы қайтадан аяққа тұрады. Бұл жөнінде аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Қарабалық ауданына барған жұмыс сапары кезінде айтты. Қазір кәсіпорынның мәселесі шешімін тапқан.
– Осы жұмысты орындау «Жас Қанат 2006» серіктестігіне берілді. «ҚазАгро» АҚ балансындағы фабрика нысандары «Жас Қанат 2006» өнеркәсібіне өтіп жатыр. Облыс әкімдігі аталған өндіріс орнын инженерлік коммуникациямен қамтуды мойнына алады. Алдағы жылы фабрика жұмысын бастап, жылына 12 мың тонна құс етін өндіруді жоспарлап отыр, – деді А.Мұхамбетов.
Қыдырбек Қиысхан,
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев