Өз кәсібіңді баста!

Қостанай инженерлік және экономикалық университетінің студенттері 54 сағат ішінде бизнес-идея ойлап тауып, соны жетілдіріп, іске асырды.IMG_2248Қатысушылар университет қабырғасында жиналы, өз идеяларымен бөлісті. Сондай-ақ, Экономикалық факультет деканының орынбасары Анастасия Коваленок, МОСТ бизнес инкубаторының жетілдірілген бағдарламалары бойынша координаторы Динара Бабич, ҚИнЭУ кәсіпкерлік мектебі директоры Раиса Притула сынды спикерлердің лекциясын тыңдады. Олар ақыл-кеңестерін айтып, тәжірибелерін ортаға салды.
Қатысушылардың бизнестегі тың идеяларын Сәбит Есмұратов, Роза Горянная, Андраник Хачатрян, Динара Бабич, Гульмира Ахметова бағалап, қазылық жасады.
Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды рудныйлық «Home Bakery» командасы иеленді. 2-орын – «Maxi tech». 3-орын – «bаscet» командасына бұйырды. Ерекше көзге түскен «Home ask» ҚИнЭУ командасы факультет деканы атынан 70 000 теңге көлеміндегі  сертификатқа  ие болды. Бұдан бөлек қатысушылар демеушілердің дайындаған арнайы сыйлықтарына ие болды.
 
Ботагөз Ілиясова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓