Әріптесіміз марапатталды

ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында әріптесіміз, газетіміздің тілшісі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Гүлназым Сағитова Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменттің Алғыс хатымен марапатталды.IMG_2686Аталмыш марапат әріптесімізге мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға қсоқан үлесі үшін берілді.
Гүлназым Бадаққызы қазіргі ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. 1985 жылы оқуды бітіріп, «Қостанай таңы» газетіне жолдамамен келген еді. Сол уақыттан бері төл газетімізде жемісті еңбек етіп келе жатыр. Бүгінде Гүлназым Сағитова бес баланың анасы.
Қымбат Досжанова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓