Жеңіске деген жігері күшті

Арада бірталай уақыт өтсе де "Тың-2014" ХІХ-шы облыстық  спартакиадасының дүбірі әлі басыла  қойған жоқ. Ел ішінде кіші олим-пиадаға баланған жазғы халық ойындары жылдан-жылға өрісін кеңейтіп, аудандар мен қалалардың бәсі артып келеді. "Әсіресе, шалғайдағы  Жанкелдин, Аманкелді аудандарының спортшылары жылдағыдан көп-көрім тәуір нәтиже көрсетті", – дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Матвиенко. Ол рас. Мәселен, Жанкелдин ауданы өткен жылы жалпы командалық есепте 20-шы орын алса, биыл олар 11-ші орынға тұрақтады.
Әр үш тұрғынның бірі палуан боп келетін торғайлықтар үстіміздегі жылы қазақ  күресінен жалпы командалық есепте үшінші орынды еншіледі. Бұл өте жоғары көрсеткіш.
– Қазір барлық жерде ұлттық спорт түріне аса ден қойылған.Соларға төтеп беру оңай емес. Дегенмен, шәкірттеріміз биыл үмітті ақтады, – дейді жанкелдиндік бапкер Қызылбай Әділбеков, – келесі жылы Қамыстыда өтетін облыстық спартакиадада бұдан жоғары белестерден көрінуге тырысамыз.
Айбек
      Кәдірұлы
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓