Бәрі – тазалықтан басталады

Барвин ауылы жыл сайын аббаттандыру жұмыстарымен айналысып келеді. Соның арқасында ауыл іші мұнтаздай, жеке үйлердің өз маңайына жасаған жұмыстары көшелерге көрік беріп тұр.docs.mail.ru
Осы аптада Барвинге барған едік. Ауылдың тазалығы бірден көзімізге оттай басылды. Балалар алаңдары жаңартылып, маңайына түрлі-түсті гүлдер егілген. Әр тұрғын өз аулаларын ретке келтіріп, шарбақтарын сырлап қойған. Сөйтіп, ауылдың аббаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосуда. Қосып қана қоймай, ауылдың тазалығын қадағалап отырады.
-Біздің ауыл аббаттандыру жұмыстарына белсенді араласады. Ұйымшылдық танытқан тұрғындардың арқасында ауылымыз тап-таза болып тұрады, – дейді әңгіме барысында Барвин ауылдық округінің әкімі Орал Жанбалтин.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, тазалық – табалдырықтан басталады. Сондықтан, ауылдың аббаттанып, жайнап тұруы ауылдықтар үшін аса маңызды.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓