Баспана құрылысына қаржы бөлінеді
Өңірдегі тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфроқұрылымды жүргізуге алдағы жылдың бюджетінне 15,7 млрд теңге бөлінетін болды. Оның 5,5 млрд теңгесі республикалық бюджет есебінен, 3,6 млрды жергілікті бюджеттен және 6,5 млрд теңгесі құнды қағаздар шығару есебінен қарастырылады.Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Спановтың айтуынша, 2018 жылы Қостанай қаласындағы Әуежай шағын ауданында үш арендалық үйдің және сегіз несиелік үйдің құрылысы аяқталады. Салынып жатқан бұл үйлерді абаттандыруға және инженерлік-коммуникациялық желілерді тартуға 301,3 млн теңге бөлінеді. «Юбилейный» шағын ауданында арендалық тұрғын үй және 10 несиелік үй салу жоспарланып отыр. Аталған мөлек аудандағы үйлерді абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық желілерің құрылысына 3 883,7 млн теңге бөлінбекші. «Береке» шағын ауданында алты үйдің құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу және инженерлік-коммуникациялық желілерді жүргізуге арналған 10 жобалық-сметалық құжат әзірлеу қарастырылуда. Қостанай ауданының «Северный» мөлтек ауданында бір арендалық және алты несиелік тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға 473,2 млн теңге қаржы қарастырылмақ.