«7-20-25»: 45 үй тапсырылды

Архимед Мұхамбетов орталық коммуникациялар қызметінде "Президенттің бес әлеуметтік бастамасының" іске асырылуы барысын хабардар етті. Әуелгі мәселе – тұрғын үй.
– Бүгінде өңірде 2 мың студентке арналған 5 жатақхана құрылысы жоспарланған. Шағын несие беруді кеңейту үшін 4,1 млрд теңге қарастырылған. Қазірге дейін сомасы 2,8 млрд.теңге тұратын 772 шағын несие мақұлданды. Сонымен бірге, өткен екі жылда 8 елді мекен газдандырылды. Алдағы 2 жылда тағы 4 елді мекенге газ жеткізілетін болады, – деді облыс басшысы.  
Оның айтуынша, Қостанай облысында тұрғын үй құрылысына ерекше назар аударылып отыр. Жыл басынан бері облыста 17 пайыздық өсіммен 227,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
 
20181106135910
– «7-20-25» бағдарламасының шеңберінде бізге 58 өтінім қарауға келіп түсті. Олардың ішінде 45 өтінім мақұлданды. Елбасының тікелей тапсырмасы негізінде бастапқы жарналарды жеңілдетілуді субсидиялау үшін «Тобыл» ӘКК тиісті қаражаттың бәрін бөлді. Яғни, жергілікті бюджеттен 83,7 млн теңге бөлінді. Жалпы алғанда, жыл қорытындысы бойынша 352 несие беру жоспарлануда, – деді Архимед Мұхамбетов.  
Брифингте Қостанайда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы аз 57200 адамның салық жүктемесі төмендетілгені, ол бағытта 1 млрд 600 млн теңге бөлініп отырғаны айтылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓