Газ тарту жұмыстары жалғасады
Қостанай облысында елді мекендерге газ тарту жұмыстары келер жылы да жалғасады. Бұл мақсатта алдағы жылдың бюджетінен 2 054,3 млн теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр.Облыстық мәслихаттың сегізінші сессиясында сөз сөйлеген экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Спанов жоғарыда көрсетілген қаражаттың 615 млн теңгесі Федоров ауылындағы газ таратушы желілердің құрылысын жалғастыруға, 339,3 млн теңгесі Рудный қаласындағы №3 шағын аудан кварталдарын газдандыруға бағытталатынын айтты. Сонымен қатар, 600 млн теңгеге Аманқарағайда, қалған 500 млн теңгеге Әулиекөлде газ таратушы желілердің құрылысы басталады. Аталған жұмыстарға қосымша, Әулиекөл ауданына қарасты Құсмұрын, Чернигов ауылдары мен Федоров ауданының Пешков ауылын және Жітіқара қаласының шығыс бөлігін газдандыру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге 100 млн теңге бөлінеді.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Сəлеметсізбе! Қонайға қашан газ тартады екен?
https://www.instagram.com/pomogitearuzan/