Жол үстінде қызу тірлік
2018 жылы облыс аумағындағы көлік инфрақұрылымын дамытуға алдағы жылдың бюджетінен 12,7 млрд теңге бөлу көзделіп отыр.Тарқатып айтсақ, облыстық маңызы бар жолдар үшін 3,9 млрд теңге, аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелеріне 8,8 млрд теңге бөлінбекші. Облыстық маңызы бар үш жолды қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасады. Олар: Ұзынкөл-Сарыкөл, Қарасу-Большая чураковка, Әулиекөл-Диев-Қосағал-Ақжол бағытындағы жол. Арқалық-Торғай бағытындағы автокөлік жолының күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға 370,0 млн теңге бөлінеді. Науырзым ауданының «Өлеңді-Буравестник» автокөлік жолын орташа жөндеуге 240 млн теңге қарастырылған. Қостанай қаласының көшелерін қалпына келтіруге барлығы 5,6 млрд теңге қарастырылмақ. Соның ішінде 4,1 млрд теңге қаражатқа Набережный, Лермонтов, Карбышев, Интернационалистер, Павлов, Энергетиктер, Тәуелсіздік, Гагарин, Алтынсарин және Абай даңғылын қайта қалпына келтіру жоспарлануда.