“Шуылды” жолақтар пайда болды

Қостанай облысындағы республикалық маңызы бар автожолдарда дыбыс бергіш жолақтар төселді. Жаңа құрылғы авариялық-қауіпті учаскелерде пайда болды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлайды. "Шуылдақ" жолақ республикалық маңызы бар мына тас жолдарға салынды:
  • Р-36 «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (Лаврентьев ауылынан Қарасу ауданына дейінгі учаске)
  • М-36 «РФ шекарасы(Екатеринбургке)-Алматы» (Алтынсарин ауданынан Сарыкөл бағытындағы учаске)
  • А-23 «Қостанай – Жітіқара – Мүктікөл – РФ шекарасы» (Жітіқара қ. бағытында).
Дыбыс бергіш жолақтар автожолдағы апатты жағдайларды төмендету үшін қолданылып отыр. Оның үстін көлік басып өткенде арнайы шуыл және вибрация пайда болып, жүргізушілердің зейінін бірден өзіне аудартып, жылдамдықты азайтуға шақырады.
Бұған дейін облыстың республикалық маңыздағы тас жолдарына 8 бильборд орнатылғанын жазған болатынбыз. Осы бағыттағы жұмыстар жалғаса береді. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓