Куәгердің көмегімен…
5-желтоқсан күні Тобыл өзеніне батып бара жатқан 23 жастағы жігіт құтқарылды. Бұл туралы «Қостанай таңы» тілшісіне Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы бастығының орынбасары Сергей Шмидт хабарлады.
Кеше сағат 19:20 шамасында Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағына ер адам келіп, Тобыл өзенінде балықшының суға батып бара жатқанын айтқан.
«Облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Владимир Носков пен Әліби Молдахметов қажетті құралдарды алып, 3 минутта оқиға орнына жетті. Батып бара жатқан адам жағадан 15 метр тұста болған. Құтқарушы Носков арқанның көмегімен суға түсіп, ер адамды жағаға шығарды», – деді С.Шмидт.
Жәбірленушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ол оқиға куәгерінің автокөлігімен қалалық ауруханаға жеткізілді.