Ардагерлер Президент күнін мерекеледі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Торғай ауылының әкімдігі мен селолық ардагерлер ұйымының ұйымдастырумен өткен дойбы жарысына ауданымыздың қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысып жүрген ардагерлер қатысты.

Сонымен қатар аталмыш ауыл әкімі Ғабит Көдебайұлы 80 жасқа толған қаржы саласының ардагері Ж.Садуақасовты ауыл әкімдігінің атынан құттықтап алғыс хат табыс етті.
Байбатыр Ахметбеков
Жанкелдин ауданы