Құрылыс қарқыны қадағаланды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыс орталығындағы «Kostanay Plaza» сауда-ойын-сауық орталығының екінші бөлігінің құрылысы барысымен танысты. Аймақ басшысы бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды."Бұрын айтылғандай, қолданыстағы СОО, SPA-орталықты 68 мың шаршы метр алаңмен қосу арқылы кеңейту жоспарланған. Бүгінгі күні ішкі әрлеу, бассейн, монша және сауна орнату жұмыстары жүргізілуде. Жобаны ағымдағы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда. Бұл жобаның Қазақстанда баламасы жоқ екенін атап өткім келеді", – деп жазды А.Мұхамбетов.Облыс әкімі одан әрі «Қонай» шағын ауданына ат басын бұрып, мұндағы құрылыс қарқынын тексерді. Бұл шағын ауданда жалпы ауданы 145,7 мың шаршы метр болатын 30 көп қабатты тұрғын үй салу жоспарланғаны, сондай-ақ, жеке тұрғын үй құрылысына учаскелер бөлінгені бұған дейін мәлім етілген болатын.
"Қазіргі уақытта 19 несие үйінің құрылысы жүргізілуде. Коммуналдық құрылыстар мен төңіректің тік орналасуы бойынша жұмыстар жүргізілуде.Сонымен қатар, құрылысшылардың бетонды тасымалдауға қатысты мәселелерін шешу мақсатында бетон зауытын орнатуға жер учаскесі бөлінді.
Сапар қорытындысында Қостанай қаласының әкімі Қ.Ахметовке жоспарланған жобалардың іске асырылуын бақылауда ұстауды тапсырдым", – деп түйіндейді аймақ басшысы.