“Ақылды кеніш” іске қосылды

Елбасы биылғы Жолдауында Қазақстан экономикасының келешегі технологиялық модернизацияны енгізу арқылы қарыштайды деген болатын. Сондықтан барлық өнеркәсіп алаңы автоматты қызмет түріне ауысуы тиіс.
Ebjxs9p91pkССКӨБ АҚ-ның тапсырыс беруімен Қашар кентінде "Ақылды кеніш" жүйесі енгізілді. Жоба жеке қаржыландырудың арқасында жүзеге асып отыр. Бұл арқылы барлық өндіріс жұмыстарын әртараптандырып, мониторниг жүргізіп отыруға болады. Қателікті дер кезінде жөндеп және тау-кен шарушалығындағы тиімді қазба жұмыстарын қарастыруға қолайлы. Нысандағы ауқымды жұмыстар жылдам әрі оңай іске асады және шығын көлемін азаймақ. Ал, өндіріс көлемі 10 пайызға артады. Жоба құны – 3 134,8 млн теңге. Қазіргі уақытта Қашар кеншініде 3252 адам жұмыс істейді.Og3in-6kJLYСондай-ақ, Қостанай облысында тағы бір нысанның құрылысы аяқталды. Қостанай қаласында "Милх" ЖШС-нің тапсыруымен тағы бір сүт және қышқыл сүт өнімдерін шығаратын зауыт пайдалнуға берілді. Жоба құны – 2 млн теңге. Зауыт өнімнің 75 пайызын ішкі нарыққа, 25 пайызын ТМД елдеріне сатады.    
XkSIZXIEAlwБүгін Қазақстан бойынша 14 облыс, 2 қалада технологиялық модернизацияға бет бұрған 25 нысан қолданысқа берілді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір арқылы бір мезетте барлық өндіріс ошағын іске қосты.
 
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓