Түрмеден қашып кетті
Қостанайдағы қоныс колониясынан 30 жастағы Руслан Юсубов қашып кетті, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Оқиға оқиға 27 қараша күні болған. Қылмыстық жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өткізіп жатқан 30 жастағы сотталушы белгіленген мерзімде қоныс колониясына оралмаған.
«Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қылмыскерді іздестіріп жатыр», – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.
Айта кету керек, Юсубов ұрлық пен тонау ісі бойынша сотталған. Ол жақсы мінез-құлқы үшін қауіпсіздігі төмен қоныс колониясына ауыстырылды. Сотталған азаматтың бостандыққа шығуына бір жылдан астам уақыт қалған.