Жеті ұйымның жетістігі
Қостанай облысында соңғы сегіз жылдан бері Үкіметтік емес ұйымдардың байқауы ұйымдастырылып келеді. Биылғы байқау Тәуелсіздік күні қарсаңында қорытындыланып, жеті аталым бойынша жеңімпаздар марапатталды.
Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев қатысып, дәстүрлі байқаудың сәтті аяқталуымен құттықтады.
– Қазіргі күні ҮЕҰ-ға деген сұраныс артуда. Үшінші сектордың жұмысына мемлекет тарапынан қызығушылық жоғары. ҮЕҰ-ды мемлекеттік органдардың бірінші көмекшісі деп есептейміз. Біздің облысымызда 2011 жылы ҮЕҰ-ға арнайы ғимарат берілді. Қазір ол жерде он ҮЕҰ орналасқан. Ресурстық орталық та сол жерде. Көптеген ҮЕҰ-дар аталған жерден тегін кеңес алып, әдістемелік материалдармен таныса алады. Біздің бұл бастамамыз барлық республикаға үлгі. Бүгінгі іс-шараның мақсаты азаматтық қоғамның дамуына үлес қосып жүрген әріптестерімізге алғыс айтып, олардың жұмыстарына сәттілік тілеу. Өйткені, мемлекет пен ҮЕҰ-ның бірлескен әрекеті жақсы нәтиже беруде,-деді Марат Қонысбайұлы.
Облыста сегіз жыл бұрын 11 бағытта жұмыс істейтін 80 ҮЕҰ тіркелген екен. Бүгінде олардың саны 158-ге жетті және 20 бағыт бойынша жұмыс істеуде. Үшінші сектордың қазіргі аяқ алысы туралы облыстық ресурстық орталықтың жетекшісі Динара Өтебаева айтты.
-ҮЕҰ-дар түрлі салаларда қызмет етеді. Біздің облыстық ресурстық орталық он жыл бойы тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Біз осы жылдар ішінде мемлекеттік органдармен әріптестік қарым-қатынас орнаттық. Облыстық әкімдіктің қолдауының арқасында біздің ҮЕҰ-дар республикада жетекші орындардан көрініп жүр,-деді Д.Өтебаева.
Биылғы байқауға 44 өтінім түскен. Барлығы 33 ұйым қатысқан. Соның ішінде жетеуі жеңімпаз атанды. Байқау комиссиясының мүшесі Р.Бектұрғанованың айтуынша, қатысушылардың саны былтырғыдан көбейген. Олардың 10-15 пайызы жастар ұйымдары. Комиссия мүшесі Р.Бектұрғанова соңғы кездері ҮЕҰ-дың ұсақ-түйек шаралардан гөрі, маңызды шараларға мән бере бастағандарын айтты.
Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев қатысып, дәстүрлі байқаудың сәтті аяқталуымен құттықтады.

Облыста сегіз жыл бұрын 11 бағытта жұмыс істейтін 80 ҮЕҰ тіркелген екен. Бүгінде олардың саны 158-ге жетті және 20 бағыт бойынша жұмыс істеуде. Үшінші сектордың қазіргі аяқ алысы туралы облыстық ресурстық орталықтың жетекшісі Динара Өтебаева айтты.

Биылғы байқауға 44 өтінім түскен. Барлығы 33 ұйым қатысқан. Соның ішінде жетеуі жеңімпаз атанды. Байқау комиссиясының мүшесі Р.Бектұрғанованың айтуынша, қатысушылардың саны былтырғыдан көбейген. Олардың 10-15 пайызы жастар ұйымдары. Комиссия мүшесі Р.Бектұрғанова соңғы кездері ҮЕҰ-дың ұсақ-түйек шаралардан гөрі, маңызды шараларға мән бере бастағандарын айтты.


1.Қазақстан халқының бірлігін нығайту саласындағы үздік ҮЕҰ – «Қостанай облысындағы психологтар қауымдастығы» ҚБ (Қостанай қ);
2.Спорт және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы үздік ҮЕҰ – «Үміт-Надежда» ҚБ (Қостанай қ);
3.Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша үздік ҮЕҰ – «Помощь» ҚҚ(Қостанай қ);
4.Жастармен жұмыс бойынша үздік ҮЕҰ – «Жастар-2012» ЖБ (Таран ауданы);
5.Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру саласындағы үздік ҮЕҰ – Балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қауымдастығы» бірлестігі (Қостанай қ);
6.Азаматтық жауапкершілікті арттыру және нольдік төзімділік қағидасын қалыптастыру саласындағы үздік ҮЕҰ – «Күнтимес» ҚҚ (Сарыкөл ауданы);
7. «Жылдың үздік еріктісі» арнайы аталымында жітіқаралық 87 жастағы қария Владимир Задонский жеңімпаз атанды.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.