Сегіз нысан сатылды
Қостанай облысында жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес, сомасы 214,4 млн.теңге болатын 8 нысан сатылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифингте облыстық қаржы басқармасының басшысы Сәуле Аймұхамбетова айтты.
Біздің облысымыз жекешелендіруге жоспарланған объектілердің саны бойынша республикада төртінші орында тұр. Көшбасшылардың қатарында Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары бар. Қазіргі күні республика бойынша 86,2 млрд.теңге сомасына 308 объект жекешелендірілген.
Қостанай облысында алдағы жылдың кестесінде үш ұйым сатылмақшы. Олар: «Техникалық және кәсіптік білім берудің өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы» КМҚК; «Қостанай аумақтық денешынықтыру орталығы» КМҚК; «Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы» КМҚК. 2018 жылға білім беру саласының 2 нысанын жекешелендіру жоспарланған:
-«Қостанай дарыны» аумақтық ғылыми-практикалық орталығы» КМҚК;
-«Балаларға қосымша білім беретін өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК.
2019 жылы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында жұмыс істеп жатқан Рудный қаласының 2 кәсіпорнын сату кезекте тұр: «РАХАТ» МКК және «КҮН» МКК.
2020 жылы Қостанай қаласының 2 спорт ұйымын сату жоспарлануда: Бассейн» МКҚК және «Спорт сарайы» МКҚК.

Қымбат Досжанова.
Суретті түсріген Айбек ЖҮЗБАЙ.
Суретті түсріген Айбек ЖҮЗБАЙ.