Аружанға көмек
Өткен жұмада облыстық мешітте қайрымдылық жәрмеңкесі өтті. Бұл шараның мақсаты – көмекке зәру Аружан Нұржановаға қол ұшын созу еді. Бүлдіршінді аман алып қалу үшін Германияда ота жасау керек. Емдеу құны – 95 000 евро.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші жұма күні мешітте барша мұсылман жамағаты Аружанға қолдарынан келгенінше қаржылай көмек көрсетті. Сонымен қатар, қыз-келіншектер жамағаты үйлерінде тәтті тоқаштар мен торт пісіріп сатты. Түскен ақшаны аружанның еміне аударды.Осы жәрмеңкеде 1 милиион теңгеден аса қаражат жиналды. Алайда, бұл ақша әлі де аздық етеді. Егер қол ұшін беремін деген жомарт жандарға есігіміз әрқашан да ашық.
Демеушілер + 7 707-770-50-45 немесе + 7 747-513-42-89 ұялы телефон номеріне хабарласа алады.
Кішкентай әрі сүп-сүйкімді Аружан қарындасымызға құдіреті күшті Алла Тағала шипасын берсін деп тілейміз.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
өкілдігінің баспасөз қызметі