«Тәуелсіздік күні»
Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсізідік күнің мерекелей қарсаңында, Қазақстан Республикасы үшін бұл күндердің қандай маңызға ие екендігіне көз жеткіземіз. Бұл күндерсіз біздің мемлекеттігіміздің тарихын елестету қиындық тудырады.
1990 жылдың 25 қазаңында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесімен мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларация қабылданған болатын. Дәл осы кезден бастап қазіргі тәуелсіз, егемен, демократиялық мемлекеттің негізі қаланған болатын.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Жоғарғы Кеңестің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдауы, біздің егемен мемлекет ретінде қалыптасуымыздың және тәуелсіздігіміздің ұлттық, мемлекеттік нысан алуының бастамасы болып табылады.
Бірінші күннен бастап біз конституциялық тәртіпті, экономика мен құқықтық жүйені күшейттік.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабында бекітілгендей Қазақстан Республикасы өзін басты құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялайды.
Соныме қатар, Республиканың қызметінің негізін құрайтын қағидаларға қоғамдағы келісімді, саяси тұрақтылық пен барлық халықтың пайдасы үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизмді жатқызады.
Конституцияның 2-ші бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы президенттік билік нысанындағы унитарлы мемлекет болып табылады. Республиканың егемендігі оның барлық аумағына тарайды. Мемлекет өзінің тұтастығын, аумағының қолтигізбеушілігін және бөлшектенбеуін қамтамассыз етеді.
Республика президенті – халықтың және мемлекеттік биліктің бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының символы мен кепілі.
Республикада мемлекеттік биліктің тиімді жүйесі қалыптастырылған, әлеуметтік-экономикалық қарым қатынастар тұрақты түрде дамуда, ол халықаралық қауымдастықта тиісті орынына ие болып отыр.
Бүгін Қазақстан Республикасы тәуелсіз, зайырлы, бейбітшілікті сүйгіш және көпұлтты мемлекет болып табылады. Онда 130-дан астам этнос өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. Жас мемлекет болғанымен халықаралық кеңістікте мойындалған беделі бар, әр түрлі халықарылық ұйымдарда мүше және жетекші болып табылады.
Мысалы 2010 жылы Қазақстан Республикасы Еуропаның қауіпсіздік пен әріптестік бойынша ұйымына төрағалық етті, бүкіл әлемдік сауда-саттық ұйымының мүшесі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің қалыптасуы қазақстандықтар үшін ұлы оқиғалардың бәрә болып табылады. Өз тәуелсіздігіне қазақ халқы көптеген қиындықтарды бастан кешіріп жетті. Біздің ұрпақ осы тарихи маңызды кезеңнің куәгерлері болып отыр.
Бүгін Қазақстан тәуелсіз және демократиялық мемлекет, халықаралық қауымдастықтың тең дәрежедегі мүшесі. Бірақ көбісіміз Республиканың тәуелсіздігінің алғашқы жылдардағы қиындықтары туралы жақсы білеміз.
Экономикалық, әлеуметтік және құқықтық салаларда өз проблемалары бар еді. Оларды шешу үшін бүкіл ел болып жұмыс атқарылған болатын. Осы жылдарда, негіз қалаушы құжаттардың маңызды ережелеріне арқа сүйеумен маңызды өзгерістерге қол жеткізілді. Нарықтық экономиканы құрастыру бойынша шаралар қабылданып, барлық қазақстандықтардың әл-ауқаты жақсарған болатын.
Жаңа жас мемлекеттің егемендігі құқық шығарушылық саласында ауқымды қызмет жүргізуге күшті екпін берді. Ол экономиканы жанжақты дамыту мен Қазақстан халықтарының өмірін жақсартуға бағытталған болатын. Осы жылдар аралығында Республика экономиканың дамуында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, тек аймақта емес, тегіс ТМД елдері арасында алдыңғы қатарға шыға алды.
Елімізде қысқа мерзімде орын алған экономикалық және саяси өзгерістер демократияның арықарай қарқынды дамуына, сонымен қатар азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпалын тигізіп отыр.
Аталған факторлар мемлекеттің саяси-қоғамдық тұрақтылығын күшейтіп,оның дамуына жалпы оң әсерін тигізеді, соның ішінде әлеуметтік, экономикалық және демографиялық салалардығ, бұл өз кезегінде әр қазақстандықтың өмір сүру деңгейінің артуына алып келеді.
Біздің елдің таңбаларын әлемнің көптеген мемлекеттерінде таниды, оған Астанада EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуде үлкен үлесін қосуда.
Өз кезегінде аталған жетістіктер біздің Президент және Ұлт Көшбасшысы – Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының жүргізіп отырған нақты әрі сараланған саясатысыз мүмкін болмас еді.
Қостанай облысы прокуратурасы
Әлеуметтік-экономикалық салада
Заңдылықты қадағалау Басқармасы
Бөлімінің аға прокуроры
1-ші сыныпты заңгер С.Нұрғазинов