ҒЗИ-да – жаңа басшы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің бұйрығымен Нәбидолла Кикебаев Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры болып тағайындалды.20171204182700Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Нәбидолла Кикебаев мұнымен қоса Қостанайдағы «Қазақ тұлпары» жылқы зауытының директоры қызметін атқарады.
Ғалым «Мұғалжар» жылқы тұқымының авторы ретінде танымал. Ол 1956 жылғы 10 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келді.
Алматы зоотехникалық, мал дәрігерлік институтын 1979-жылы бітіріп, аспирантураға жолдама алды. Студент кезінде «Генетический код», «Полиморфизм трансферрина и гемоглобина в крови животных» деген тақырыптарға зерттеулер жүргізді.
Нәбидолла Ақанұлы қазақ ғалымдарынан қазақ жылқысын зерттеген диссертациясын алғашқы болып Бүкілодақтық жылқы институтында (Рязань қаласында) үздік қорғады. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓