“Тойота” жасөспірімді қағып кетті
«Қостанай-Рудный» бағытындағы трассада жеңіл машина жасөспірімді басып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА alau.kz-ке сілтеме жасап.
Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 3 желтоқсан күні кешкі 19:00 шамасында, Рудныйдан 10 шақырым жерде болған.
«Тойота» мінген 26 жастағы жүргізуші 17 жастағы жасөспірімді қағып кеткен. ІІД мәліметтеріне қарағанда, ол арнайы өткелден өтпеген.
Жол апаты салдарынан ауыр жарақаттар алған жас жігіт оқиға орнында жан тапсырды. Медициналық тексеру жүргізушінің мас болмағанын көрсетті.
Осы факті бойынша сараптама белгіленді, ҚР ҚК 345-бабының («Жол қозғалысы ережелерін бұзу») 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.