Манапбек тағы мойындатты
Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен «Берега Надежды» 49-шы халықаралық фестиваль-байқауынан жерлестеріміз жүлделі оралды. Ересектер мен кәсіби шығармашылық ұжымдар арасында өткен сында Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның әншісі Манапбек Кәдіров жүлделі 1-ші орынды жеңіп алды.
Халықаралық өнер фестиваліне ТМД және алыс шетелдерден жүздеген әншілер қатысқанын ескерсек, музыка додасының оңайға соқпағанын бағамдауға болады.
Манапбек ресейлік әділқазылардың алдында Ахмет Байтұрсынұлының «Аққұм» әні мен Балуан Шолақтың «Ғалия» әнін шырқап, тыңдармандарды аса тәнті етті. Сөйтіп, қазақтың өнерін бүкіл дүниежүзіне паш етті.

Әлібек ЫБЫРАЙ
Суретте. Әнші-термеші Манапбек Қәдіров
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков