Карантин босаңси түсті

Бүгін Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 4 ақпандағы карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңімен босаңсыту туралы қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Атап айтқанда:
– контингенті 300 балаға дейінгі, сыныптардағы оқушылар саны 15-тен аспайтын қала және ауыл мектептеріне дәстүрлі форматта оқытуды жалғастыруға;
– 9, 11 (12) сыныптарда аралас негізде, яғни пәндердің 70 пайызын штаттық режимде, 30 пайызын қашықтан оқытуға;
– білім беру мекемесінің әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақыттарда 5 адамнан аспайтын топ құрып, оқушыларды жеке оқытуға;
– колледждер мен ЖОО 1-курс студенттерін 2-семестрден бастап штаттық режимде оқытуға;
– білім беру мекемелеріндегі қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.
Аталмыш жеңілдіктер ертең, 10 ақпан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓