Техника жеткілікті

Қазіргі таңда трактор паркі 99%, комбаиндар 95% және қырмандар 95% әзір. Тек Аманкелді және Таран аудандарында астық жинайтын комбаиндардың дайындығы облыстық орташа көрсеткіштен төмен. 15 тамызға қарай барлық қажетті техникалар әзірлік сапына қойылатын болады. "Егер ауа-райы қолайлы болып тұрса, онда 20-25 күн ішінде орақ науқанын толық аяқтауға болады. Оған техниканың мүмкіндігі де, жанар-жағар май да жеткілікті", – дейді Б.Мурзин.