Мектептер жылу маусымына дайын ба?
Санаулы күндерден кейін жаңа оқу жылы басталады. Ал, өңірдегі білім ошақтарының жаңа оқу жылына, жылу беру маусымына дайындықтары қалай? Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде облыстық білім басқармасының басшысы Ә.Төртқараева мәлімдеді.

Бүгінгі таңда аталған білім ошағы мен Алтынсарин ауданының Красный-Кордон орта мектебіне сұйық отын жеткізу бойынша әлі күнге дейін келісім-шарт жасалмаған. Бұл мақсатқа 10 млн. теңгеден астам қаражат қарастырылып отырған көрінеді. Мұның себебін басқарма басшысы олардың дизельді отын бағасының көтерілуін күтіп отырғандығымен түсіндірді.
– Ал, сіздер қаңтарға дейін күтіп отыра беріңіздер, мектеп жылусыз қалсын. Сырттан тыңдап отыра бермей, қимылдамайсыздар ма, тезірек тендер жария-лаңыздар, – деді осы мәселеге орай ескерту жасаған облыс әкімі Н.Садуақасов.
Өңірдегі электр қуатымен және көгілдір отынмен жылытылатын білім ошақтары да жылу беру маусымына 88 пайызға дайын. Облыс әкімінің тапсырмасына орай, мектептердегі жылу қазандықтарын білім ошағынан сырт-қа орналастыру мәселесі де қатаң бақылауға алынған. Үсті-міздегі жылы 12 мектептің жылу қазандығын сыртқа орналастыру жоспарланса, бүгінде 9 білім ошағында бұл жұмыстар жүзеге асырылуда. Осы мақсатқа 92 млн. 669 мың теңге қарастырылған.
– Өңірдегі барлық білім мекемелері 15 тамызға дейін жылу беру маусымына дайын болады. Қазіргі таңда дайын болған нысандарды қабылдап алатын арнайы комиссия да құрылды. Қабылдау жұмыстары 25 тамыз-ға дейін аяқталмақ. Облыстағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан 21 білім ошағының екеуі, яғни Әулиекөл ауданының Чернышев орта мектебі мен Қарабалық ауданындағы білім ошағының жөндеу жұмыстары кешігеді. Сондықтан, бұл мектептердің оқушылары жаңа оқу жылын басқа ғимаратта қарсы алуларына тура келеді. Ал, оқулық мәселесіне келсек, 2015 жылы біз 100 пайыз оқулықпен қамтамасыз ететін боламыз, ал әзірге үшінші және оныншы сыныптарға арналған оқулықтарды сатып алып жатырмыз. Облыс бойынша оқулықтар сататын 21 сауда нүктесі бар, сондықтан ата-аналарды оқулық мәселесі алаңдатпауы тиіс, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Ә.Төртқараева.
Қарлығаш
ОСПАНОВА