Маңызды мереке – жыр арқауы

Арқалықта ҚР тұңғыш Президенті күніне арналып, «Елбасы мұраты – ел бақыты» атты жас ақындардың айтысы өтті.IMG-20171128-WA0041   Қалалық Мәдениет сарайының ұйымдастыруымен көп жылдан бері дәстүрлі түрде  қалалық жастар айтысы өткізіліп келеді. Соның бір дәлелі ретінде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Елбасы мұраты – ел бақыты» атты жас ақындардың айтысы жалғасын тапты. Аталмыш шараның негізгі мақсаты – Елбасының жүргізіп жатқан сарабдал саясаты мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және айтыс өнерін мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде халыққа жан-жақты насихаттау, Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін, айтыс өнерін және халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілі мен мәдениетін, ұлттар мен ұлыстардың мызғымас достығын кеңінен жырлау. Айтысқа келген жас ақындарға қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Е.Мәметков ақ жол тілеп, айтысты ашып берді.
Айтысқа облыстық меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері, айтыскер ақын Айбек Қалиев бастаған қазылар алқасы баға берді. Айтыс десе ішкен асын жерге қоятын, жыр додасына бес жұп қатысты. Жыр додасында ақындар туған жер, өскен елге құрмет, ұлттық дәстүрлерімізді ұлықтау, өткенімізді ұмытпау сынды өзекті тақырыптарды жан-жақты қаузап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Жырдан маржан терген сөз шеберлерінің  жарысына көрермендер жақсы жиналды. Жыр додасы ұтқыр ой мен жарасымды әзілге толы болды.  Қазылар алқасына мықтылардың мықтысын анықтау оңайға түспеді. 
Нәтижесінде өрнекті ойымен, өткір тілімен ерекшеленген айтыскер ақындардың жеңімпаздары анықталды. Айта кетсек, ІІІ орынды Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері – Ернұр Әуезхан мен Еркінғазы Айтбаев иеленсе, ІІ орын Рысбай Ғабит пен амангелділік  жас ақын Жауынбай Жылқыбайұлына бұйырды. Ал І орынды Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенті Серікболсын Әбікенов иеленсе, бас жүлдені жас ақын Айбар Рағатов қанжығасына байлады. Барлық қатысушы марапатталып, оларға ақшалай сый-сияпат табысталды.                                         
 
ЗәмзагүлТапалова,
Қалалық Мәдениет сарайының әдебиет бөлімінің меңгерушісі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓