Экономикалық әріптестік нығая түспек

Екі ел арасындағы экономикалық әріптесттікті нығайту, шетелдік инвесторларды тарту және экспорт үлесін арттыру мақсатымен Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Мәскеуге жұмыс сапарымен барды.image-28-11-17-08-58Іссапар барысында М.Мырзалиев Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) «Еуразиялық экономикалық одақтағы органикалық ауыл шаруашылығын дамыту» атты семинарына қатысты. Күн тәртібінде органикалық ауыл шаруашылығын нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесін зерделеу, саланы қалыптастырумен қатар оны дамыту жолдары қаралды. Бұл мәжіліске Комиссияның мүдделі мүшелері, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдар, ғылыми мекемелер, кәсіподақтар және Одаққа мүше елдердің бизнес құрылымдары өкілдері қатысты.
Қазақстанда бүгінгі күні 30-дан астам органикалық өнім өндіруші зауыт бар, солардың біразы Қостанай облысында орналасқан. Олар органикалық ұн, жарма, өсімдік майы, кондитерлік өнімдер шығарады. Өнеркәсіпті дамыту сатысында ең маңызды мәселе – ЕАӘК елдерінің органикалық өнімдері мен өндірушілеріне арналған нормалар мен талаптарды біріздендіруі. Семинар аясында осы және басқа да мәселелер қозғалды.
Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев экономикалық секторларды цифрландыруды кеңінен талқылау үшін «Яндекс» компаниясының вице-президенті Марина Амелинамен кездесті. Қос тарап «Ақылды қала» бағытында аталмыш компания әзірлеген өнімдерді енгізуге, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру бойынша қанатқақты жобаларды жүзеге асыруға қатысты келісімдерге қол қойды.616a257ab271432e793c8fbd67a88447Агроөнеркәсіптік кешенді сандық жүйеге ауыстырудағы іргелі компаниялардың бірі – Agrarium ұжымы. Олардың негізгі бағыты – мал шаруашылығын цифрландыру. Компания Татарстан Республикасында осы салада бірнеше жобаны жүзеге асырған. Бұл тәжірибе келешекте Қостанай облысында да қолданылатын болады.
Сонымен қатар, Мәскеуде Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінің қатысуымен, Еуропалық Одақ елдерінің инвесторлар тобының өкілі және түрлі жобаларды экспорттық қаржыландырумен айналысатын Blue Coral ICS компаниясымен кездесу ұйымдастырылды. Blue Coral ICS ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнеркәсібі, экология, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергетика, денсаулық сақтау және басқа салалардағы республикалық, аймақтық және корпоративтік бағдарламаларға қатысуға дайын екендігін жектізді. Осы компаниямен бірге аймақта бірлескен жобаларды іске асыру үшін нұсқаларды зерттеу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілетін болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓