Жан жеңіске жетті

28 жастағы қостанайлық боксшы Жан Кособуцкий кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде қарсыласын нокаутқа жіберді.photo_70850Бокс кеші Беларусьтің Борисов қаласында өтті. Жан Кособуцкий латвиялық Эдгарс Калнарспен қолғап түйістірді. Төрт раундқа жоспарланған кездесу басталмай жатып аяқталды. Кособуцкий қарсыласын бірінші раундтың басында-ақ сұлатып түсірді. 
«Мен бірнеше жыл бойы рингке шықпадым. Бірінші кездесу былтыр жоспарланды. Рас, қарсыласым мені таңғалдыра алмады. Барлығы мен ойлағандай болды. Алдағы уақытта дәрежесі жоғары спортшылармен шығамын», – деді ол тілшілерге берген сұхбатында.
Қазақстан біріншілігінің үш дүркін жеңімпазы, жазғы Универсиада ойындарының күміс жүлдегері Жан Кособуцкий кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін қазан айында өткізуі мүмкін. Оның қарсыласы әлі белгісіз.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓