Көктал ауылында жаңа мектеп ашылды

Елбасы саясатының арқасында елімізде білім беру саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Президент жыл сайынғы Жолдауларында да осы білім саласына айрықша басымдық беруді ұмытқан емес. Ондағы басты мақсат – әр баланың сапалы, лайықты білім алуына барынша жағдай жасау. Тұңғыш Президент күні қарсаңында Әулиекөл ауданының Көктал ауылында есігін айқара ашқан жаңа мектептің де сол берілген тапсырмалардың орындалып жатқандығының бір көрінісі деуге болады. IMG_634927 қараша – көкталдықтар үшін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Себебі, осы күні ауыл тұрғындары көптен күткен жаңа мектептің ашылу салтанатына куә болып, ақ сақалды аталарымыз батасын беріп, ақ жаулықты әжелеріміз шашу шашып, қуанышты сәтті бүтін бір ауыл болып қарсы алды. Көкталдықтардың қуанышына облыс әкімі А.Мұхамбетов те ортақтасып, ауылдықтар үшін ғана емес, облыс үшін де маңызға ие жаңа нысанның ашылу салтанатымен құттықтады.IMG_6131
IMG_6164-ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында шалғайдағы ауылда заманауи үлгідегі жаңа мектеп ашылып жатыр. Елбасымыз өскелең ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім алу үшін барлық тиісті жағдай туғызу керек деп айтқан болатын. Міне, сол тапсырманы орындау аясында біз қазір балалардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін көптеген жағдай жасап жатырмыз. Жаңа білім ордалары салынуда. Мектептер ғана емес, балабақшалар да күн санап бой көтеріп келеді. Біздің ең басты мақсатымыз – үш ауысымда оқитын мектеп проблемасын шешу. Бүгінде облыста апатты жағдайдағы мектептер жоқ десе де болады. Көптеген мектептерге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгін міне, біз Көктал ауылында жаңа мектепті тапсыруға дайынбыз. Мұнда барлық қолайлы жағдай жасалған. Төрт жүз шаршы метрдей спорт залы бар, акт залы мен бір уақытта қырыққа жуық оқушы тамақтана алатын асханасы да бар, шеберхана мен медпункт те жайлы. Сондықтан да, ауыл балалары жаңа білім ордасында жақсы, сапалы білім алып, көрсеткіштерін мұнан да жақсартанына өз басым сенімдімін, – деді облыс әкімі А.Мұхамбетов.IMG_6252
IMG_6038
IMG_6007Мұнан кейін сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әкімбек қажы Қабденұлы да бүгінгі есігін айқара ашып жатқан ұядай мектептің тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтатып, даңқын арттырып, бәсекеге қабілетті түлектер ұшатын шаңыраққа айналуына тілектестік білдірді.IMG_6193Салтанатты ашылудан соң облыс әкімі мектеп ішін аралап, оқушылармен, ұстаздармен кездесті. Салтанатты рәсімге ерекше көңіл-күймен келген бүлдіршіндер де облыс әкімі алдында алдында ән салып, тақпақ оқып, өнерлерін ортаға салды. Мектеп директоры Күлмай Нажиқанова келген қонақтарға білім ордасының жетістіктері туралы баяндады. Айтуынша, іргетасы сонау 1961 жылы қаланған Көктал орта мектебі екі жыл бұрын апатты жағдайдағы мектептер қатарына енген көрінеді. Осы мәселені шешу мақсатында ауылдағы жеке шаруа қожалығының басшылары Ғазез Хасенов пен Темірхан Оспанов жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 5 млн. теңге көлемінде қаражат бөліпті. Осылайша, облыс, аудан басшыларының қолдауымен және ауыл тұрғындарының бірлескен жұмысының нәтижесінде бүгінгі білім ордасы есігін айқара ашып отыр.IMG_6095
IMG_6238Көне мектептегі қиын жағдайларға қарамастан ауыл балалары жақсы оқып, жыл сайынғы ұлттық бірыңғай тестілеуде де жоғары нәтижелер көрсетуде. Енді, міне жылдар бойы армандаған жаңа білім ордасы ашылып, ауыл балаларының да тілегі орындалып жатыр. Алпыс орындық жаңа мектепте бүгінде 142 бала екі ауысым бойынша білім алуда. Оларға отызға жуық ұстаз білім беруде. Ауыл мектебінде кадр мәселесінен айтарлықтай проблема жоқ, жыл сайын “Дипломмен ауылға!” бағдарламасының арқасында жас мамандармен қатарлары толығуда.IMG_6249
IMG_5989-Бұрын мектебіміз адам айтқысыз өте нашар күйде болды. Өте ескі әрі ешқандай жағдай болмады. Дегенмен, соған қарамастан біздің балаларымыз жақсы оқып, біліп сапасының көрсеткіші жағынан алда болдық. Алдында аралас мектеп болды, соңғы бес жылда таза қазақ мектебі болып ауыстық. Жаңа мектепке көшкенімізге бір аптадай уақыт болды. Енді бүгін салтанатты түрде тұсауы кесіліп, оған облыс әкімі бастаған елге сыйлы азаматтар қатысып жатыр. Бұл біз үшін, жалпы ауылдықтар үшін зор мақтаныш. Заман табалына сай жабдықталған мұндай мектептен ауыл балаларының әлі де сапалы білімге, жоғары нәтижелерге қол жеткізетіне де сеніміміз мол, – дейді мектеп директоры К.Нажиқанова.IMG_5985
IMG_6025Ауыл мектебінде домбыра, би, баскетбол, волейбол, шахмат, дойбы үйірмелерінен басқа биыл жаңа тағы бір үйірме пайда болыпты. Ол роботты техника үйірмесі. Бұған ауыл кәсіпкері Ғазез Хасенов демеушілік жасап, үйірмеге қажеттінің бәрін алып берген көрінеді. Үйірмеге техникаға қызығушылық танытқан отыз бала жазылып, бүгінде олар “роботты техника” саласын меңгеруде.IMG_6043
IMG_6020
IMG_6012Осы тұста әулиекөлдіктердің Елбасының “Рухани жаңғыру” бағдарламасындағы “Туған жер” жобасына да ерекше атсалысып жатқандығын айрықша атап өтуге болады. Мәселен, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Диев орта мектебі жанында елу балаға арналған шағын орталық, Новонежин ауылында жастар үшін жаңа спорттық алаңдар мен Құшмұрын кентінде тұрғындар үшін демалыс орны ашылды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың желтоқсан айында С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясында  аталған мектеп түлектерінің қолдауымен мұражай ашылғалы отыр. Келер жылы да, “Туған жер” бағдарламасы аясында тағы бірнеше әлеуметтік жобаларды іске асыру жоспарлануда. Атап айтар болсақ, елімізге танымал мемлекет қайраткері Шайсұлтан Шаяхметовтың ұлы Бейімбет Шаяхметовтің қолдауымен Сұлукөл орта мектебін күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленбек. Сонымен қатар, “Тюрк Қазына” ЖШС-нің демеушілігімен №28 Құшмұрын орта мектебінде өлкетану мұражайын ашу, “Әулие Би” ЖШС-нің қолдауымен Чернышевский орта мектебі жанындағы шағын орталықты толық күнге ауыстыру жоспарланып отырған көрінеді. Осылайша, “Туған жер” бағдарламасына атсалысып, туған ауылының, елінің өркендеуіне үлес қосып отырған әулиекөлдік кәсіпкерлерге облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те зор алғысын білдірді.
IMG_6057
IMG_6027-Елбасының “Рухани жаңғыру” бағдарламасындағы “туған жер” жобасының да басты мақсаты елге, туған жерге жәрдемдесу. Бүгінде өңірде осы бағдарлама аясында 3 млрд. теңгеге елуден астам жоба жүзеге асырылуда. 2018 жылы да мұндай жобалардың саны әлі де артады деген сенімдеміз. Бұл тұрғыда Әулиекөл ауданында да игілікті жұмыстар атқарылуда. Рас, биылғы көктем көкталдықтар үшін де оңайға соққан жоқ. Ауылды су басып, халық қиын да өте ауыр жағдайды бастан өткерді. Міне, сол қиын-қыстау шақта да демеу болған сіздерге, кәсіпкерлерге айтар алғысымыз шексіз. Енді міне, сол қиындықтардың бәрі артта қалды деуге болады. Бүгін ауылда заманауи үлгідегі жаңа мектеп бой көтеріп жатыр. Ендігі басты мәселе ол жол проблемасы. Осы мақсатта біз 100 млн. теңгедей қаражат бөліп, Көктал ауылының жолын жөндеу керек деп шештік. Бұл жұмыстар келер жылы қолға алынады, – деп облыс әкімі ауыл тұрғындарын тағы бір мәрте қуантып қойды.
Осылайша, мереке қарсаңында ерекше сыйға куә болған көкталдықтар да жергілікті билікке шексіз ризашылықтарын жаудырды.IMG_6335
 
Қарлығаш ОСПАНОВА,
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓