Палуан

Соңғы жылдары қазақ күресінің даңқы әлемге жайылды. Оған бірнеше шет мемлекеттерде ұйымдастырылған әлем чемпионаттары дәлел. Ұлттық спорттың осындай кең етек алуы жастардың спортқа келуіне оң ықпал етті деуге толық негіз бар. Әсіресе, Торғай өңірінде туып-өскен жастар үшін қазақ күресі ерекше сипатқа ие.Бекболат
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің "Сұнқар" спорт клубы елімізге белгілі талай саңлақтарды түлетіп ұшырды. Солардың бірі – қазақ күресінен спорт шебері Бекболат Мұқанов. Халықаралық, республикалық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы Бекболат Аманкелді ауданының тумасы. Ол жастайынан  күреспен айналысты. Алғашқы бапкері Алтынбай Болатовты жұрт жақсы біледі. Кезінде қазақ күресінен әлем чемпионатында белдесіп, "Арқалық алыбы" атанғаны есте. Бекболат  та бапкердің даңқты жолын жалғастыра білді.
Бүгінде Бекболат ҚМУ "Сұңқар" спорт клубында Бейсенбай Әубәкіров пен Жұмахан Қасымханов сияқ-ты қазақ күресіне еңбегі сіңген жаттықтырушылардан тәлім алады.
– Оның бар күші аяғында. Қазақ күресінің айла-тәсілдерін жақсы меңгерген. Кез келген қарсыласы Бекболаттың жамбас әдісіне төтеп бере алмайды. Мұны біразы мойындайды. Осындай шәкіртім болғанына қуанамын, – дейді бапкері Бейсенбай Әубәкіров.
Талай мықтыны тәрбиелеген Бейсен ағамыздың сөзінің жаны бар. Бекболат балуанның мықтылығына жақында ғана өткен Қазақстан чемпионатында куә болдық. Қарсыластарының бәрін ұтып, алтыннан алқа тақты.
– Қазір ұлттық спортымыз даму үстінде. Арманым – қазақ күресінен әлем чемпионы болу. Осы жолда тынбай терлеу керек деп мақсат қойдым. Сол үшін де күн сайын күрес залынан табылуға тырысамын, – дейді жас балуан.
Иә, білегінің күші мығым Бекболат секілді балуандарымыз ұлттық спортымызды дамытуға үлес қосып келе жатыр. Лайым, байрақты бәсекелерде топ жаратын осындай ұл- қыздарымыз көп болғай!
 
Суретте: қазақ күресінен ел чемпионы Бекболат Мұқанов.

 

You may also like...

5 Responses

  1. Асет айтты:

    Тил,козден сактасын аллах! Даңкты ер азаматы болгай бауырым. Косып айтарым,шеберлигинде соз де,мін де жок…

  2. Ерлан айтты:

    Құттықтаймын бауырым! Бека!

  3. бердибек айтты:

    Бекенді Узынколден бери билемин, ширкин аягынын кушин ай! Ана кара дауді алып урды інішек!

  4. Биржан айтты:

    Бекболаттын куреси корерменнин козайымына айналганы коринип тур,интернетте не бир алыптарды жыккан курестери видеосы толып тур.Саттилик,женисин коп болсын!

  5. Айсан айтты:

    Бұл жігіттің аяғының күші мығым, мықты палуан!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓